"Мектепке жол" акциясы
2015 жылдың 1 тамызынан бастап Воскресенка ЖООБМ-де "Мектепке жол" акциясы басталды. Акция жүру барысында 6 тамызда спонсорлар 8 оқушыға 5000 теңгеге канцелярлық тауарлар түрінде көмек көрсетті. 18 тамыз күні мектеп директоры Казкеева А.Б. 12000 теңгеге көпбалалы және азқамтылған отбасылардан шыққан 6 балаға аяқ киім түрінде спонсорлық көмек көрсетті. 1 қыркүйек күні КШ "Камаров" және КШ "Чингисхан" 1 сыныптың 4 оқушысына 12000 теңгеге сыйлықтар берді. Жаппай оқыту қорынан 90000 теңгеге 15 оқушыға киім түрінде спонсорлық көмек берілді. 18 қыркүйек күні ЖК "Рубиком" 23 оқушыға 100000 теңгеге киім және канцелярлық тауарлар түрінде көмек көрсетті.
Қазақ хандығына 550 жыл!
Воскресенка жалпы орта білім беру мектебінде 2015 жылдың 9 қыркүйек күні 1-11 сыныптарда "Қазақ хандығына 550 жыл!" атты сынып сағаттар өткізілді. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілер Қазақ хандығының құрылуына байланысты оқушылармен әңгіме өткізіп, қызықты тапсырмаларды берді. Жоғары сыныптарда сынып сағаттарды тарих мұғалімдері өткізді. Жалпы оқушылар интелектуалды сайыстарға белсенді түрде қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Мұғалімдердің сынып сағатқа қойылған мақсаттары орындалып, жұмыстарын жақсы атқарды.
1 қыркүйек
1123
Білім күні!
2015 жылдың 1 қыркүйек күні республикамыздың барлық мектептерінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан!» кітабы сыйға таратылды. Бұл оқулық патриоттық сезімді ұштайтын және жастайынан отансүйгіштікке баулуды үйрететін кітаптардың бірі. Воскресенка ЖОББМ-де де биылғы бірінші сыныптағы оқушыларға осындай сый таратылды Кітаптың балалардың патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелейтін тұстары өте көп. Тіпті, үлкендерге де оқуға болады. Қазақстанның сұлу, баға жетпес табиғаты және әсем қалалары жайлы көркем тілмен суреттеліп, берілген.